Мәртөбелiк кәсiпкерлер көмек көрсеттi

Пятница, 26 Август 2016 10:37 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3932 раз

Республикамызда жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы аудан аумағында өткізілуде. Бұл жолы аталмыш іс-шара Қаратау ауданы әкімдігінің қолдауымен және Мәртөбе тұрғын алабының ауыл биі О.Кенжебековтің ұйымдастыруымен Мәртөбе тұрғын алабындағы №27 жалпы орта мектепте ұйымдастырылды.

Тұрғын алаптың бір топ кәсіпкерлері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасыларға жаңа оқу жылына балаларын мектепке дайындауға жәрдем ретінде ақшалай көмек көрсетті. Ауыл биінің атсалысуымен осы тұрғын алапта кәсібін дөңгелетіп отырған «Айқан» ЖШС, «Азамат» ЖШС, «Ифтихари» ЖШС, «Бастау» ЖШС, «Эко-Транс Сервис» ЖШС, «Аст-Нұр» ЖШС және жеке кәсіпкерлер Сапақовтар мен Алиевтер отбасының демеушілігімен 140 мың теңге қаржы жиналып, 7 әлеуметтік аз қамтылған асыраушысынан айырылған отбасыларға үлестіріліп берілді. Акция барысына мектеп ұжымы мен аудан тұрғындары аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылар мен қолдау көрсетіп отырған кәсіпкерлерге зор алғысын білдірді. «Мектепке жол» акциясы Қаратау ауданында бұдан әрі жалғасын табады.

Қаратау ауданы әкімі аппараты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.