Версия для печати

«OTAU TV» абоненті автокөлік ұтып алды

Пятница, 28 Октябрь 2016 06:47 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6192 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттеріне арналған кезекті акциясын қорытындылады. Акция ережелеріне сәйкес телеарналардың «Толық» топтамасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде қосылу қажет болатын.

otauu

«Random» кездейсоқ сандар генераторы арқылы бірінші орын және бас жүлде жеңімпазы – автокөлік иегері, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жұмахан Балапанов ауылының тұрғыны Садуақасова Жанар Асылбекқызы анықталды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының тұрғыны Досмағанбетов Мұрат Iphone 6 сыйлығын иеленсе, үшінші орында тоңазытқыш ұтып алған Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны Мирманов Алпамыс Жақсылықұлы.
Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған акциялардың қорытындысы болды. Осыған дейін ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталып, ал екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Үндістанға Гоа аралына екі адамға арналған сапарды ұтып алған болатын.
Акцияның аяқталу қорытындысы бойынша – «Қазтелерадио» АҚ 7-қазанда жеңімпаздарды құттықтау бойынша салтанатты шара өткізген болатын.
– Бүгінгі күні, OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан асты, бұл шамамен 4 миллионнан астам отандастарымыздың қатарын құрайды. «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қосылу, еліміздің барлық аумағында қолжетімді. «Қазтелерадио» хабар тарату сапасын арттыру мен телерадио арналардың оңтайлы тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. Мысалы, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында біз өз тұтынушыларымызға HD-сападағы телеарналардың кең таңдауын ұсынуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі акция біздің тұтынушылар үшін алғаш немесе соңғы рет өткізіліп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта, мысалы 4-қазан мен 4- қараша аралығында планшет ұтыс ойыны акциясы өтуде. Бұл жылдың аяғына дейінгі соңғы акция емес, сондықтан ақпараттарды қадағалаңыздар, біз алдағы уақыттарда абоненттерімізді көптеген жаңалықтарымызбен қуантатын боламыз», – деді салтанатты шарада «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Евгений Галкин.

Последнее изменение Пятница, 28 Октябрь 2016 06:55
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.