Оңтүстіктің тіл абызы

Пятница, 03 Февраль 2017 06:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5429 раз

Облысымызға танымал болған ұлағатты ұстаз Үсен Қарасайұлы бүкіл саналы ғұмырының 43 жылын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнаған. 1990 жылы зейнеткерлікке шыққаннан бері де өзінің мол білімі мен бай тәжірибесін халықтық педагогиканы насихаттау мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін асқақтатуға жұмсады. 1992 жылы Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімшілігі жанынан «Тіл және халықтық педагогика жөніндегі әдістемелік орталық» құрып, халықтың салт–дәстүрін, халықтық педогогиканы насихаттайтын 15 –ке жуық әдістемелік кітапшалары жарық көрді.

23

Облысымызға танымал болған ұлағатты ұстаз Үсен Қарасай-ұлы бүкіл саналы ғұмырының 43 жылын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнаған. 1990 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де білімі мен бай тәжірибесін халықтық педагогиканы насихаттау мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін асқақтатуға жұмсады. 1992 жылы Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімшілігі жанынан «Тіл және халықтық педагогика жөніндегі әдістемелік орталық» құрып, халықтың салт – дәстүрін, халықтық педогогиканы насихаттайтын 15-ке жуық әдістемелік кітапшалары жарық көрді.

1996 жылғы 6 қазанда жарияланған «Тіл саясатының тұжырымдамасында жер-жерде «Мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталығын» құру туралы айтылады. Кейін бұл тұжырымдама тіл туралы 1997 жылғы шілдеде қабылданған жаңа Заңға негіз болады. Осы орайда Үсекең қала әкімдігіне «Мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталығын» құру туралы ұсыныс беріп, соған сай 31 қаңтардағы «Мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталығын» құру туралы №152 шешімі шықты. Орталықтың ашылуына сол кездегі Тіл басқармасының бастығы Қабыл Дүйсенби белсене араласып, сүбелі үлесін қосты. Осындай әрекеттер нәтижесінде «Мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталығы» дүниеге келді.

Үсекең орталықтың ашылуына бастамашы ғана емес, сол орталықтың директоры болып қызмет атқарды. Қарамағында екі оқытушысы Мәриям Нағашбайқызы Ізжанова және Марат Рәсілұлымен жұмысты бастап кетті. 1997 жылдың 9 сәуірінде Орталықтың алғашқы мемлекеттік тіл-қазақ тілін үйрету сабағы басталды. Орталықтың оқытушылар қатары көбейе бастады. Әлібаева Гүлшат, Айгүл Жұмаева, Макия Алимбетова, Рәмия Хасанғалиевалармен толықты. Орталық уақыт талабына сай тіл саясатын жүзеге асыруда өз мүмкіндігінің аясында бірқатар шаруа атқарылды. Үсекең 1997 жылдан 2001 жылға дейін директор, 2003 жылға дейін орталықтың әдіскері болып қызмет атқарып, денсаулығына байланысты өз өтінішімен қызметтен босады. 

Үсен Қарасайұлы орталықты басқарған кезеңде мелекетік тілді меңгерудің 5 айлық бағдарламасы жасалды, «Панорама Шымкента» газетінде берілген «Тілашар» айдары, Шымкент телеарнасынан берілген «Тілашар» сабақтары, орталықта салт –дәстүрімізді насихаттайтын мұражай, 2000 жылы кабинеттерді жаңа технология компьютерлермен жабдықтау, өзге ұлт өкілдерінің арасында тілді насихаттау әрі құрметтеу мақсатында жүргізілген іс-шаралар, сайыстар т.б осы сияқты жұмыстар орталық жұмысының негізгі бағыты болды. Ең бастысы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қапысыз мойындаған және азаматтардың мемлекеттік тілді Заң талаптарына сай меңгеруі тиіс екендігін түсінген мекеме басшылары мен азаматтар бұл іске айрықша мән беріп отырды. Мемлекеттік тілге деген құрмет те ұмтылыс та артты.

Қазіргі таңда Үсекең бастамашы болған орталық өз жұмысын жалғастырып, жандандарып келеді. Үсен Қарасайұлынан кейін орталықты Біләл Құлбек ағамыз 2001 жылдан 2012 жылға дейін басқарды. Әр кезеңде орталықтың жұмысы тек өрлеу үстінде болды. 2012 жылдан бері орталық тізгінін Нұрила Серікбайқызы Жұманова басқарып келеді. Шымкент қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс атқаруда.
Бабаларымыздан бізге: «Ей, ұрпақтарым, ұлым мен қызым, үш қасиетіңді: елің мен жеріңді, тіліңді қорға» – деп өсиет қалдырыпты. Ендеше ұлттың тірегі де жүрегі де – ана тілі екенін ұмытпайық!

Макия АЛИМБЕТОВА,
Шымкент қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Бақыт деген осы емес пе? Жүрекке жүк артпа »