Майя АЛИБЖАН: Жастарға қамқорлық ерекше

Среда, 08 Февраль 2017 08:02 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5137 раз

maia– Елбасының жаңа Жолдауы жастарымызға жігер сыйлады. Маңызды құжаттың мағынасы терең, бағыты айқын деп ойлаймын. Соның бір айғағы және ерекшелігі – жастарға деген үлкен жауапкершіліктің артуында. Биыл Президент бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылмақ. Бұл жұмыссыз жастарға тиімді мүмкіндік болады. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Жолдау жастардың сеніміне үлкен серпін беріп, оларды білімге, еңбекке және табандылыққа талпынуға үндейді. Елімізде жаңадан ашылып жатқан өндірістік орындар көп екенін ескерсек, кәсіптік білім алған мамандар шоғырын даярлауға Елбасымыздың ерекше ден қойып отырғаны бекер емес.. 

Бұл жағынан біздің облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын көріп жүрміз. Мемлекет басшысының жастарға қамқорлығының арқасында көптеген игі істер жүзеге асуда. Мәселен, өткен жылы Жастар сарайы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Мұның өзі жастардың жиі бас қосып, қоғамдық мәселелерге белсенділікпен атсалысуына ықпал етіп отыр.

Последнее изменение Среда, 08 Февраль 2017 10:36
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.