Биыл тауық жылының ауа райы құбылмалы болды. Қыс мезгiлi қатаңдық танытпағанымен, көктем кешігуде. Міне, наурыз айының жартысы өтті. Бірақ, суық ызғар кетер емес. Өткен жылы да наурыз айында күн суытып, қар жауғаны белгілі. Ал биылғы көктем қандай болмақ?
«Қазгидромет» ОҚО бойынша филиалының синоптигі Салтанат Қоныстың айтуынша, суық ауа массаларының салдарынан апта бойы салқын ауа райы сақталады. Бүгін таңертең және кешке жауын-шашын түседі. Түнде -2-7, таулы аймақта 10 градусқа төмендейді. Ал облыста ауа райы 17 наурыздан бастап жылы болады. +3 градустан +15 градусқа деген көтеріледі деген болжам бар. Ауа температурасы айдың аяғына қарай жоғарылайды. Дегенмен, синоптик ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді.