×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Үкілі арудың» жүлдегерлері анықталды

Среда, 03 Май 2017 05:49 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5749 раз

Қазақтың қызы болашақ ана ғана емес, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанатын, тәлім-тәрбиенің бастауы. Аруларымыздың бойына осындай қадір-қасиеттерді сіңіру мақсатында «Үкілі ару» байқауы өтті. Қатысушылар әдеттегідей сұлулығы мен өнерін ғана көрсеткен жоқ. Олар үй шаруасына ептілігін, өмірден түйгені мен көргенін көрсетуге тырысты.

ukili aru-34-2

Шараның тәрбиелік мәні зор болды. Алғаш рет өткізілген сайыста аруларымыз бар өнерін салды. Байқауда бақ сынаған қыздарға өңіріміздің ісмер аналары мен облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы Жәнібек Тағаев бағасын берді. Дегенмен жүлдегерді анықтау оңай болған жоқ. Көркем, сұлу, парасатты арулардың арасынан сарыағаштық Орынгүл Алмат бас жүлдені жеңіп алды. 

ukili aru

– Мен әжемнің тәрбиесін көріп өстім. Байқаудан үйренгенім, көңілге түйгенім көп болды. Қазақтың салт-дәстүрін бұрын да білетінмін, дайындық үстінде одан да терең бойлай түстім. Қыздардың бойындағы сыпайылық пен мейірімділік, іскерлігі мен тәрбиесі ерекше бағаланатындықтан бас жүлдені иеленгеніме қуаныштымын, – дейді Орынгүл Алмат. 

Бірінші орынды Түркістан қаласынан келген Гүлназым Сүйіндік жеңіп алса, екінші орынды қазығұрттық Гүлдана Ерменбай иеленді. Үшінші орынға Созақ ауданы қыздарының намысын қорғаған Іңкәр Анарбайқызы лайық деп танылды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.