×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қуатты әскер – мемлекеттің берік қалқаны

Пятница, 12 Май 2017 05:59 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5502 раз

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл – 25 жыл. Уақыт талабына сай әскери құрылымдар жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. Біздің өңір – еліміздің Оңтүстік қақпасы. Мұнда Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлім Оңтүстік шекарасының тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде. Осы мерейлі датаға орай, Шымкент қаласында салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тірегіміз – тыныштық

Отан қорғаушылар күні 500 жауынгерден құралған әскери оркестр «Ордабасы» алаңынан «Орталық» саябаққа дейін салтанатты маршпен жүріп өтті. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір халқын Отан қорғаушылар күнімен және ҚР Қарулы күштерінің мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау екенін атап өтті. Қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етушілер қандай марапатқа болса да лайықты екенін жеткізді.

– Бүгінде Елбасының, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен ел армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды. Сондықтан, бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бұдан соң, өңір басшысы елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан 17 азаматты Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, ҚР мемлекеттік наградасы «Ерлігі үшін» медалімен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ОҚО әкімінің Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар, 10 азамат ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен наградталды.

Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік шарада «Мәңгілік ел тұғыры – Қуатты Армия» – театрландырылған көрінісі қойылып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар, тұрғындар тікелей көрсетілім арқылы Астана қаласында өткен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадты тамашалады.

Айта кетейік, Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өткен шеруде 5 мыңнан астам әскери қызметші салтанатты маршпен жүріп өтті. 300-ге жуық әскери техника мен заманауи қару-жарақ түрлері жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ, 70-ке жуық әуе техникасы Қазақстанның авиациялық әлеуеті мен жауынгерлік әзірлігін байқатты.

 

Ерлік пен бірлікті қастерлеген мереке

Жеңіс күніне арналған шара «Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алып, оған 1,5 мыңнан астам тұрғын қатысты. Мерекелік шарада Әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындады. Салтанатты шара «Абай» саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты.

Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша оңтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады. 

– Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытты. Сондықтан Жеңіс күні аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Сондықтан да Елбасымыз соғыс және тыл ардагерлеріне қолдау көрсетіп, олардың хал-ахуалын көтеруге көп көңіл бөліп келеді. Президент сонау зұлматты соғыста жеңіске бірліктің арқасында ғана жетуге мүмкін болғанын үнемі еске салып отырады. Біздің ардагерлеріміз – еліміздегі достық пен келісімнің берік іргетасы, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

8 2

Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер қойылып, ардагерлерге дала асханасынан дәм ұсынылды. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмаған. ІІ Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталған. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге аман-сау оралған майдангерлердің 233 ҰОС ардагерлері, ал, 996-сы соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер болса, 19 199-ы тылда тынымсыз еңбек еткен.

18342632 1391663997546953 7582171281719812859 n

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, соғысқа қатысушы майдангерлерге биыл 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 226,9 мың теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Ал оларға теңестірілген және тыл ардагерлеріне 5 АЕК, яғни, 11345 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, 233 ҰОС ардагеріне 100 мың теңгенің көлемінде сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілген.

Ұрпақтың бақытты болашағы мен бейбіт өмір сүруі үшін шайқасқан ҰОС ардагерлеріне жыл сайын әлеуметтік қолдау, лайықты құрмет көрсетіліп келеді. Бұл қатарда, оларға медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 7,8 мың жекелеген санаттағы азаматтарға облыстағы түрлі сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі. Сондай-ақ, өңірде «Қамқорлық» акциясы шеңберінде демеушілер есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге жеңілдік ұсынылды.

Последнее изменение Пятница, 12 Май 2017 06:26