×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жазасын өтегендер жұмыспен қамтылуда

Среда, 07 Июнь 2017 05:58 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4865 раз

ИЧ-167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматтармен «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды. Шараға қатысқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мемлекеттік бағдарлама аясында түзеу мекемесінен босатылған азаматтардың алдағы тұрақты жұмыспен қамтылатынын жеткізді.

– Жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамдық-әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін бірнеше бағытта қызметтер атқарылады. Яғни, олардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үймен, тұрақты жұмыс орнымен қамтып не болмаса оқу орындарына жолдаймыз. Мемлекеттік бағдарлама аясында олардың қоғамдағы іс-әрекеттері ұдайы бақылауға алынып, нәтижесінде, қылмыстың қайталану қаупін едәуір төмендетуге назар аударылады, – дейді аталмыш бөлімнің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» басшысының орынбасары Арман Төлегенов.

Айта кетейік, «ИЧ-167/2 түзеу мекемесі» аса ауыр қылмыс жасаған және қылмысын қайталау себебімен сотталғандар санатындағыларға арналған. Түзеу мекемесінде қазіргі таңда 450-ден астам азамат жазасын өтеуде.

Другие материалы в этой категории: « «ON DANCE» жастарға жат емес Құда мың жылдық... »