Оңалту орталығының қызметі жанданады

Среда, 05 Июль 2017 05:22 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4594 раз

Биыл Шымкенттегі құрылысы тоқтап тұрған 200 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аяқтау көзделіп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте облыс әкімі Ж. Түймебаев мәлім етті.

onaltu-ortalygy-52

Республикалық бюджеттен құрылысқа бөлінген 1,1 млрд теңге қысқартуға ұшырап, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілуде. Егер ғимарат құрылысы аяқталса, саладағы бірқатар қордаланған мәселелер өз шешімін таппақ.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Отаршиевтың хабарлауынша, өңірімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар санының өсуі байқалады. Қазіргі таңда облыста 117 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынған. Өкінішке қарай, олардың саны облыс халқының 4 пайызын, республикада тұратын мүгедектердің 18 пайызын көрсетіп отыр.