Бағдарламаның игілігін сезінуде

Пятница, 28 Июль 2017 06:16 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 502 раз

Бүгінде «екі қолға бір күрек іздеген жандар» үшін атқарар іс жетерлік. Ол үшін салаға сай мамандығың, біліктілігің мен білімің қажет болары сөзсіз. Бұл орайда, мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жұмыссыз жандарды еңбекпен қамтуда оң нәтижесін беруде.

IMG-20170711-WA0039

Бүгінде Шымкент қаласында жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруды мақсат тұтқан бағдарламаның игілігін сезінгендердің қатары көп. Солардың бірі, кәсіби оқытудың қайта даярлау курсынан өткен қала тұрғыны Бақытжан Молдабеков Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электр құрылғыларын жөндеуші (электрик) мамандығын игерген. Және алған мамандығы бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесіне жұмысқа орналасты.

– Бүгінде «жұмыс жоқ» дегенді желеу етіп, бос жүрген жандардың әрекеті ақылға сыйымсыз дүние. Жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында мемлекеттік бағдарламаның баршаға берер тиімділігі мол. Мұнда қысқа оқу курстарынан өту арқылы арнайы мамандық алып, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік мол, – дейді Бақытжан Қамбарбекұлы.

Айта кетейік, бағдарламаның бірінші бағыты – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары бойынша биыл Шымкент қаласы бойынша мамандықтар тізбесі бекітіліп, онда 1739 білім алушы білім беру ұйымдарына жолданған. Онда талапкерлер аспаз, тігінші, электрик, кондитер, шаштараз, күтуші, визажист, жиһаз жинақтаушы, электргазбен дәнекерлеуші және тағы басқа жұмысшы мамандықтарын игеріп шығатын болады.

Шымкент қаласы бойынша 1739 білім алушы білім беру ұйымдарына жолданған. Онда талапкерлер аспаз, тігінші, электрик, кондитер, шаштараз, күтуші, визажист, жиһаз жинақтаушы, электргазбен дәнекерлеуші және тағы басқа жұмысшы мамандықтарын игеріп шығатын болады.

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

2012 жылдың маусым айынан бергі уақытта «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі қызметін атқарып келеді. 2014 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін қала әкімдігінің ресми ВЭБ сайтында қызмет етеді.