Құт дарыған қазыналы Оңтүстік Избранное

Среда, 06 Сентябрь 2017 05:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4680 раз

күндері Астанада жоғары деңгейде өтті

Астанада 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралығында «ЭКСПО-2017» халық-аралық мамандандырылған көрмесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтті. ОҚО күндері аясында Елордада Оңтүстік өнерпаздарының қатысуымен 43 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.

21199598 1405467392902929 2648086666666907602 o

Рухани жаңғыру аясында

Іс-шара «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форумнан басталды. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев және 150-ге жуық қаржы қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Шара барысында өңірдің экономикасы мен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. 6 меморандумға қол қойылды. 

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады.

3 21

Астанадағы ОҚО күндері аясында өткен ауқымды іс-шаралардың бірі ОҚО облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ақын-жазушылармен кездесуі болды.

Оған Мырзатай Жолдасбеков, Мархабат Байғұт, Мырзагелді Кемел, Ғарифолла Есім, Қалқаман Сарин, Ханбибі Есенқара, Әселхан Қалыбекова, Оразкүл Асанғазы және тағы басқа тұлғалар қатысты. Жиын барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітаптарының тұсауы кесілді. 

– Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрінісі. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты өрелі ойлар ортаға салынып жатыр. Әрбір облысқа қатысқан әдеби ортаның шығармашылық әлеуетін көтеру оларға тың серпін береді, – деді ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

21200779 1697454893597849 8160298968548921080 o

Астаналықтарға 450 келі тәтті тоқаш тарту етті

Елордалық тұрғындар асыға күткен шаралардың бірі – жәрмеңке болды. Онда Оңтүстіктен келген 12976 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Жиналған жұртшылық Мақтарал мен Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татты. «Бәйтерек» монументі алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy» қойылып, қала тұрғындары мен қонақтарына құрт, қымыз-қымран мен жеміс-жидектер тегін үлестірді. 

Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесі күні «Қазанат» атшабарындағы этноауылда астаналықтарға кең дастархан жайды. Шара барысында құрбандық шалынып, 300 келі палау мен 1 тонна бауырсақ пісірілсе, Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Бұдан бөлек, түрлі тәтті тағамдар, жеміс-жидектер және қауын-қарбыздарды ақысыз таратты.

21167673 434899483570902 998489595432710935 o

«Бейбітшілік және келісім сарайында» «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылды. Онда оңтүстіктің азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, құрылыс заттары мен құрылғылар қойылды. Келушілерге шарада ұсынылған өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатып алу мүмкіндігі туды.

Оңтүстік жастары да Құрбан айт мейрамына ерекше тарту жасады. Олар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан бастап, қоғамдық көліктерде кездескен шетелдік қонақтар мен жергілікті халыққа 450 келі тəтті тоқаш сыйлады.

s2d1ds21fs

Кенесары ханның қылышы мен Қажымұқанның құнды жәдігерлері

Астанадағы ОҚО күндері тарихи, өлкетану мұраларға толы болды. Солардың бірі, «Қазақстан» орталық концерт залында өткен «Жер кіндігі – Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі. Онда 9 бөлімнен тұратын тарихи шежіреден сыр шертетін құнды бұйымдар мен фотосуреттер, суретшілердің бағалы еңбектері мен көне жәдігерлері көпшілікке ұсынылды.

Этноауылда ОҚО қолөнершілерінің 1500-ден астам құнды жәдігерлері қойылған «Құтты өлке қолөнері» атты көрмесі ұйымдастырылып, облыстық музей Қажымұқанның құнды жәдігерлері мен Кенесары ханның қылышын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келген қонақтарға таныстырды. Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарында қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік және ат құлағында ойнаған жігіттердің арасында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. 

21167000 1404581229658212 6916665992524116314 o

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті, қазақтың ұлы тұлғаларына деген құрметті арттыратын «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. Елордадағы «Оқушылар сарайында» 2D форматындағы жаңа туындыны Шымкенттегі «САҚ» киностудиясы түсірген. 

100-ден астам өнерпаздан құралған ОҚО опера және балет театры ұлттық және әлемдік операларының үздік шығармаларын орындаса, облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас балаларға Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» және Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. 

Ал «Оңтүстік-Цирк» мекемесі еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи – театрландырылған «Томирис» қойылымын қала жұртшылығына тарту етті.

21125749 1484990014921438 6726605112701337996 o

«Ән мен күй әлдилейді Астананы!»

Астанадағы Оңтүстік күндері мерекелік бағдарламасы Астананың бас көшелерімен жүріп өткен «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуеніне, «Бәйтерек» алаңындағы «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» және «Оңтүстік әзілдері» атты концертіне ұласты.

«Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты ОҚО өнерпазадарының гала-концерті өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстандағы шетел елшілері, қоғам қоғам қайраткерлері және облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. 

Шара барысында дәстүрлі және эстрада әндері орнындалып, 1000-ға жуық мәдениет және өнер шеберлері қатысты. 600 жас домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған Астанадағы Оңтүстік күндерінің қорытынды іс-шарасы ЭКСПО қалашығындағы Амфитеатрда болып өтті. «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» деп аталған гала-концертте ОҚО өңірінен шыққан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір және тағы басқа әншілер болды.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.