Шымкент зообағында тазқара (лат.Aeqypius monachus) құсы балапан ашып шықты. Оның зообақта көбеюі өте сирек құбылыс. Еске сала кетсек, зообақта соңғы рет тазқаралардың балапан шығаруы 1999-2000 жылдар аралығында болған.
Зообақта төрт тазқараның ішінде біреуі жұптасып наурыз айында жұмыртқа салған. Соны бақылаудың нәтижесінде рационды күшейтіп, яғни берілетін қоректің құрамы құнарланды. Көп ұзамай тазқара бір балапан ашып шықты.
Зообақ қызметкері Б. Оңласбековтың айтуынша, тазқараның балапанына лақап аты ретінде «Қарабай» деп ат қойылған. Қазіргі таңда балапанның жағдайы жақсы, алдағы уақытта үлкен тазқаралардың қатарына қосылады деген үміт басым.