Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық Избранное

Среда, 18 Октябрь 2017 04:38 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 147 раз

Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда әрбір ел азаматының пікірі ескеріледі. Яғни, әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру ісіне өз үлесін қоса алады.


Қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өткен «Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық» конференциясында студент жастарға латын әліпбиінің Елбасыға ұсынылған жаңа нұсқасы таныстырылды.

– Соңғы нұсқада көрсетілгендей, кей дыбыстар дәйекше арқылы берілген. Бұл нұсқа оқуға да, жазуға да ыңғайлы болмақ, – дейді қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрила Жұманова. – Елбасының мақаласы жарияланған сәттен-ақ, Президент әкімшілігінде латын қарпінің өзіндік үлгісін көрсеткен 300-ден астам хат қабылданыпты. Бұл әрине, мәселенің өзектілігін, қоғамның белсенді қолдауын айғақтайды. Қазіргі сәтте латын әліпбиін меңгеру ел тұрғындарына қиындық туындатпауы тиіс. Себебі, күнделікті қолданып жүрген мобильді байланыс құралдары, ғаламтор жүйесі арқылы ел ішінде сауаттылықтың жоғары деңгейі қалыптасқан. 

Баяндама жасаған М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілеубердиев латын әліпбиіне көшудің жолдары және оның маңыздылығын нақты ғылыми айғақтармен атап өтті. Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры Молдабек Құлахмет және Қазақстан Журналистер Одағы ОҚО бойынша филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің үндестік заңдылықтарын сақтау қажеттігіне тоқталды.

Жиын соңында қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу мәселесі бойынша қала жастарының Үндеуі қабылданды.

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

2012 жылдың маусым айынан бергі уақытта «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі қызметін атқарып келеді. 2014 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін қала әкімдігінің ресми ВЭБ сайтында қызмет етеді.