×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Әлеуметтік көмек жаңа форматта тағайындалады

Среда, 25 Октябрь 2017 05:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6277 раз

Жаңа атаулы әлеуметтік көмек халықты масылдықтан арылтады. Осы орайда, жәрдемге мұқтаж жандарды кедейшілік құрсауынан шығаруға негіз болған өзгерістер келер жылдан бастап тәжірибеге енгізілмек.

DSC 8288

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары тың жүйені меңгеру мақсатында семинар кеңесте бас қосты.
Жиында Сайрам, Сарыағаш аудандарынан келген 60-қа таяу маман жаңа атаулы көмек көрсету жүйесімен жіті танысты. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, білген-түйгендерін пысықтады. Оларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгеруін түсіндірілді. Айта кетейік, жаңаша көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасылар мен азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға тиесілі. Ал шартты ақшалай көмек жұмысқа қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Алайда, олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатыстырылады. Жаңаша формат тұрғынға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберіліп, шағын несие беріледі. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға ынталандырылады. 

– Ал осынау кешенді шараларды жүзеге асыру үшін басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін күшейту қажет, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев. – Құжаттамалар электронды түрде жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсеткен болатын. 

Айта кетейік, бүгінде өңірде 20 мыңдай отбасы осынау көмекке қол жеткізіпті. Оның ішінде жобаның 22 мыңнан аса еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Бұл жобаға қатысушылардың табысының 4,2 есеге дейін өсуіне мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы шараларды іске асыруда облыс бүгінде республикада көш бастап тұр.