Версия для печати

Оңтүстікте 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайды Избранное

Пятница, 19 Январь 2018 04:11 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2884 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстікте халыққа ең қажет 150 дәрінің бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды. Осы мақсатта облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық келісім қарапайым халық арасында жиі қолданылатын 150 түрлі дәрілік зат пен медициналық өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйым өндіруші компаниялар шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары дәрілердің бағасын жыл соңына дейін қымбаттатпайтын болып келісті.

Меморандум тізіміне 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Келісім аясында 2018 жылға қарастырылған дəрі-дәрмектің 150 атауының ішіндегі 13 түрінің бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына өңір басшысы Оңтүстік жұртының атынан алғыс айтты.

Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л.Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісім-шарттар жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды қадамы дейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.