27 көлік – медицина қызметкерлеріне тарту Избранное

Среда, 20 Июнь 2018 04:15 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2778 раз

Оңтүстікте медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ақ халаттыларды медицина қызметкерлерінің күні мерекесімен құттықтап, өңірдегі ауруханалар мен емханаларға жедел жәрдем қызметіне арналған 27 көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

1

Аймақ басшысы Елбасының денсаулық саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын айта келе, медицина саласы қызметкерлерінің жетістіктеріне тоқталды.
– Адам жанының арашасы бола білген дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің облысымызда бұл салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соның нәтижесінде медицина мекемелеріміз ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, емдеудің тиімді тәсілдері қолданылып келеді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде 2017 жылы негізгі денсаулық көрсеткіштері өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Мысалы өмір сүру ұзақтығы 72,6-дан 72,9 жасқа дейін артты. Жалпы өлім-жітім төмендеп, ана өлімінің көрсеткіші 1,5%-ға, нәресте өлімі 13%-ға, туберкулезден болатын өлім 14,8%-ға төмендеді. Осының барлығы Сіздердің еңбектеріңіз деп білеміз, – деді Жансейіт Түймебаев.
Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Ал жыл соңына дейін өңіріміздегі медициналық мекемелерге тағы 20 арнайы көлік берілетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.