Шымкентте орташа айлық – 118 мың теңге Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:26 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6151 раз

Шымкентте жалақы мөлшері бір жылда 6,2%-ға өсті. Биыл қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 118043 теңгені құрап отыр. Түркістан облысының статистика департаментінің мәліметінше, осы тоқсанда нақты жалақы индексі – 100,2%. Еңбек нарығында Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы шілденің соңына 5,2 мың адамды құраған. Ал шаһардағы халық саны осы кезеңдегі деректерге сәйкес, 1006 мың адамға тең.

1515241467 zh

– Шымкент қаласы бойынша 2018 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 10,3 мың адамды құрады (2017 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 102,6%), осы кезеңде 12,5 мың (102,1%) – туу, 2,2 мың (99,5%) – өлім оқиғасы тіркелді,-дейді Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басшысы Гүлнара Күнтуғанова. Ал қаладағы көші-қон мәселесіне тоқталсам, қаңтар-маусымда 55799 адам келсе, (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда), 12306 адам шырайлы қаладан басқа өңірлерге кеткен, көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 43493 адамды (оң) құрады. Еңбек нарығы және еңбекақы төлеуде өзгерістер бар. II тоқсанда Шымкент қаласында жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 21,6 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 5,2% құрады, – дейді Г. Күнтуғанова.
Сандарды сөйлеткен сала маманның айтуынша, азық-түлік тауарларына баға 1,2% төмендесе, ал басқа тауарлар – 0,3%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 1,2% көтерілген. Ұлттық эконмикада өсім байқалады. Қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 378616,8 млн. теңге болып, 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,9 есеге өскен. 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 22359 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 12970-ы жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 21943, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 303, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 113, оның ішінде жұмыс істейтіндер– 12568, 293 және 109 бірлік.
Ал мегаполистегі бөлшек сауда көлемі 173595,7 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейі 106,5% қөрсетсе, көтерме сауда көлемі 352453 млн. теңгені немесе 112,3%.
Экономикалық нақты секторлар бойынша қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 250873 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-шілдеден 2,1% өсімді көрсетеді. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 1,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 8,3%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 51,1% артса, ал кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 29% кеміген. Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі 14024,5 млн. теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 11,2%-ға ұлғайып отыр.
«Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 119,4%-ды көрсетеді. Соңғы жеті айлық көрсеткіш бойынша жүк айналымының көлемі 2681,9 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейі 100,3% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 9879,4 млн. жкм құрап, 15,1% артқан.
Сондай-ақ, биыл шаһарда 242,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 30,7% көп. Соңғы деректерге сәйкес, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны –58280 бірлікті немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2% құрап отыр.

Последнее изменение Пятница, 21 Сентябрь 2018 06:18