Емханаға тіркелу науқаны басталды Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3694 раз

Шымкентте тұрғындардың емдеу мекемелерін таңдау науқаны басталды. Биыл аталған акцияға қатысуға қаладан 33 денсаулық сақтау мекемесі өтініш берсе, оның 17-і жекеменшік емхана.

фото емхана танда

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен «Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ ОҚО филиалы өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.
– Өткен жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 25 934 тұрғын емханаға тіркелді. Тіркеу ережесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек айтарымыз емхананы таңдағанда тұрғылықты жері мен емдеу мекемесінің арақашықтығы 15 минуттан аспауы қажет. Өйткені, жедел жәрдем саласында жасалған соңғы реформаларға байланысты 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді. – деді «Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалы басшысының орынбасары Н. Киікбаева.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша мегаполис қалада халық көбейген сайын бастапқы медициналық көмек алушылар саны да артқан. Сондай-ақ шаһарда емханалардың жетімсіздігі байқалады.
– Кейбір мемлекеттік емханаға 70 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Жекеменшік емханаларды тарту арқылы мұндай мәселелер шешіледі деген үміттеміз. Осы кезге дейін бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсетсе, оны 1700 азайту жоспарлануда. Осы арқылы дәрігер жүктемесі мен кезекті азайтамыз, – деді Шымкенттің бас дәрігері.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.