«Паркинсон ауруы-үкім емес» дейді шетелдік дәрігерлер Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:46 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4552 раз

Шымкентте паркинсон ауруының алдын алуға арналған халықаралық конференция өтті. Аталмыш жиынға отандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты. Мамандар ауруды емдеуде өз тәжірибесімен қатар, заманауи диагностикалық әдістерімен де бөліспек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы және шетелдік жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

мед конференция фото

«Паркинсон ауруы–үкім емес» ұранымен ашылған конференцияға Ұлыбритания, Түркия, Грузия және басқа да алыс-жақын шет мемлекеттерден арнайы шақырылған сала мамандары қатысты. Халықаралық жиынды ашқан Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жиынның күн тәртібін түсіндіріп өтті.
– Біздің мақсатымыз — отандық дәрігерлерімізге әлемдік сарапшылардың тәжірибесін көрсету. Сондықтан мұнда Испания, Түркия және Ұлыбританиядан келген невропатологтар шақырылды. Жетекші нейрохирургтар да келді. Олар облыстық клиникалық аурухананың базасында ғана дәрістер оқып қана қоймай, науқастарды зерттейді. Сонымен қатар, біздің дәрігерлерге практикалық көмек көрсетеді, – деді облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы.
Соңғы зерттеулерге сүйенсек, оңтүстік өңірінде паркинсон ауруының таралуы 100 мыңға шаққанда 32 адамға тең. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштен бірнеше есе аз. Сала мамандарының пікіріне жүгінсек, елімізде 35 мыңға жуық науқас паркинсон диагнозымен өмір сүріп жатыр. Жыл сайын олардың қатары 2,5 мың адамға артып отырады екен. Ал, бүгінгі күнде әлемде бұл дертке шалдыққан адамдардың саны 4 миллионға жуық. Сондықтан ол қазіргі таңда Альцгеймер ауруынан кейін әлемде ең кең тараған нейродегенерациялық ауру болып табылады.
– Біздің алдымызда жаңа ауруларды анықтау бойынша зерттеулер міндеті тұр. Егер бұл жас азаматтар арасында болса, оны молекулалық-генетикалық деңгейде тексеру қажет. Біз Ұлыбританияның мамандарымен, сондай-ақ Генри Холденакуда лабораториясымен келісім жасастық. Мұнда қан анализін алып ауруды анықтау үшін генетикалық маркерлер жібереміз.Осы арқылы науқастарды емдейміз, – дейді жүйке ауруын емдеуші дәрігер Назира Жарқынбекова.
Шетелдік дәрігерлердің әрқайсысы өз салаларының жоғары білікті мамандары.Науқастардың ауруынан айығу үшін іс тәжірибелерімен ғана емес ұлттық медицинадағы соңғы жетістіктерімен де бөлісуде. Осы басқосуға қатысқан Феридун Агар Түркиядағы Памукал университетінің Нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі.Ол бірнеше ондаған жылдар бойы паркинсон ауруы мәселелерімен айналысады. Шетелдік дәрігер өз біліктілігін үйретуден еш жалықпай келеді.
– Бүгін миды емдеудің «гамма-найф» әдісі туралы әңгіме өрбіттік. Бұл миды радиохирургияға ұшыраған және паркинсон ауруына шалдыққан науқастарға қолданылатын әдіс.Одан соң адамның сауығып, қалыпты өмір сүру мүмкіндігі бар, – дейді шетелдік дәрігер.
Аталмыш конференция төрт күнге жалғаспақ. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен шетелдік институттар арасында бірнеше меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр, Бұл отандық дәрігерлерге әлемдік үздік клиникаларда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.