Тұмауға қарсы екпе егу басталды Избранное

Пятница, 28 Сентябрь 2018 04:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 710 раз

Өткен жылы өңірде екпе егуден жалтарған 115 адам тұмаумен ауырған. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тұмауға қарсы екпе егу 1- қазаннан басталатынын мәлімдеді.

111

Биыл тұмаудың алдын алу шараларына өңір халқының 10%-қамтылмақ. Яғни, осыншама тұрғынға жергілікті бюджет есебінен Ресейде шығарылатын «Гриппол +» екпесінің 307 155 данасы сатып алынған. Қоғамдық денсаулық сақтау департементі басшысының орынбасары Жұмағұл Медетовтың айтуынша, вакцина халықаралық стандарттан өткізілген.
– Жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі ең көп әлеуметтік топтар — созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті нашар және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер, қарттар және балалар үйіндегі тұрғындар тегін егіледі,–дейді дәрігер.
Тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде алуға болады. Ақылы вакцинация жекеменшік орталықтарда, емханалардың екпе бөлмелерінде жүргізіледі. Оның құны өңірде 1600 -2800 теңге шамасында. Бір ескеретіні, екпе егілгеннен кейін 14 күннен соң күшіне енеді, оның қорғаныш белсенділігі 6-дан 12 айға дейін созылады. Әсіресе, алғашқы үш күнінде абай болған жөн, деп ескертеді. Ақ халаттылар сондай-ақ, тұмаумен ауырған жағдайда өздігінен ем қабылдаудан сақ болып, медициналық мекемеге өзі келмеуге шақырады. Тұмау ауруының белгілері байқалғанда жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінген дұрыс дейді, сала мамандары. Жалпы, жоғарыда аталған топтағы тұрғындарға тегін екпе жұмыстары қараша айының екінші жартысына дейін тұрғылықты мекенжай бойынша орналасқан немесе өзі тіркелген емханаларда жүргізіледі. Ал жүктіліктің 2-3 триместріндегі (14-23 апта) әйелдерге 1 желтоқсанға дейін тұмауға қарсы вакинация жүргізілмек.