Жедел жәрдем бекеті көбейді Избранное

Пятница, 21 Декабрь 2018 04:49 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3224 раз

Шымкентте жедел жәрдем қызметінің үш жаңа бекеті ашылды

DSC 2853

Сала мамандары тұрғындардың шақырулары мен шағымдарды саралай келе 3 шағынауданға бекеттердің қажеттігін анықтаған. Нәтижесінде халық тығыз орналасқан Қайтпас-2, Айқап және Қарабастау шағынаудандарында үш бекеттің ғимараты бой көтерді.
Жаңа бекеттердің ашылу салтанатына Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов қатысып, фельдершердің жұмысымен танысты.
– Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметі шақыртуларға 10 минут ішінде жетуде. Халық саны көбейіп, қала аумағы кеңейіп жатқандықтан, әлі де бекеттер қажет. Бізде бүгінде 81 бригада болса, норматив бойынша шаһарда 100 бригада жұмыс істеуі қажет, - дейді қаланың бас дәрігері.
Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жедел жәрдем қызметінің сапасы жақсартуда түрік кәсіпкерлерімен меморандум жасалған. Соның аясында келесі жылы қалаға жаңа 100 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек.
Ал Қайтпас-2 шағынауданындағы №6 бекетте 10 бригада 150 мың тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Жұмыс қабинеттері заманауи жабдықтармен қамтылған. Диспетчерлік бөлме, фельдшер кабинеті, дәріхана қоймасы, демалыс бөлмесі бар. Мамандар интернет арқылы науқастың мекенжайын анықтап, диагнозымен таныса алады.
Сол секілді №1 бекетте 6 бригада 9 мың халыққа, №3 бекеттегі 8 бригада 12 мың тұрғынға қызмет көрсетуді бастады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.