Версия для печати

Жедел жәрдем қызметі толық цифрландырылды Избранное

Среда, 26 Декабрь 2018 04:25 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3171 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметкерлері алғашқылардың бірі болып 100 пайыз сандық жүйеге көшті. Енді жедел жәрдем қызметкерлері қағаз толтырмайды. Бригадалардағы мамандардың барлығы смартфонмен қамтылып, медициналық қызмет көрсету электронды жүйеге көшті.

Скорый 2

– Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалардың бірі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина саласы қағазсыз құжат айналымына көшуі болатын. Елбасы «Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет», деп денсаулық сақтау саласының мамандарына міндет жүктеген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын басты назарға ала отырып, Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясы алғашқылардың бірі болып қағазсыз жұмыс жүйесіне ауысты, - дейді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов.
Атап айтқанда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырту картасы, учаскелік дәрігердің қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы смартфонға енгізілетін болды. Осының нәтижесінде дәрігерлік бригадалар орталық стансаға келмей-ақ смартфон арқылы тікелей шақыртуға бара алады. Бұл, біріншіден уақытты үнемдесе, екіншіден, қағазбастылықтан арылуға көмөктеседі дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, мегаполис тұрғындарына 81 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Барлық жедел жәрдем бригадалары смартфомен қамтылған. Қаладағы жедел жәрдем стансасының операторлары арнайы көліктердің қай жерде жүргенін, шақыртуға қанша уақытта жеткенін арнайы құрылғымен бақылай алады.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.