Версия для печати

Сәтті жасалған күрделі ота

Среда, 13 Март 2019 04:40 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2653 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мегаполистің кардиохирургтары 38 жастағы азаматтың жүрегіндегі тумасынан тесікті бітеп, сәтті ота жасады. Дәрігерлер емделушіге күрделі отаны үш сағат бойы жасаған.

Кардио 3-1

– Отаның ерекшелігі сол - қабырға арасынан 4-5-қабырға аралықта кішкентай ғана кесіммен 3-4 см эндовидеоторакоскопиялық құрылымның көмегімен іске асады. Бұл әдістің басқа операцияларға қарағанда артықшылығы ота жасалған науқастар 3-4 күннен кейін үйіне шығарылады және оңалу мерзімі өте қысқа болады.

Тағы бір айта кететін жайт, косметикалық тұрғыдан, әсіресе, жас әйелдерге және балаларға ыңғайлы, операциядан кейінгі тыртық білінбейді, - дейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев.

Күрделі операцияны жасау үшін ақ халаттылар шетелден немесе өзге қаладан білікті маман шақыртпай-ақ өз біліктіліктері арқасында сәтті жүзеге асырған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.