Шымкентте алғаш рет буынға тіліксіз ота жасалды

Среда, 27 Март 2019 05:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 675 раз

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада буынға алғаш рет тіліксіз ота жасалды. Дәрігерлер жабық операцияны жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен 19 жасар қызға жасаған. Ота кезінде мамандар бойжеткеннің аяғындағы үзілген сіңірін хирургиялық жолмен жалғап берді.

 

 

Айта кетейік, жабық операция Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Арман Әбдіразақовтың жетекшілігімен өтті. Білікті маман операция жасау арқылы жергілікті ақ халаттылармен тәжірбие алмасқан.

 

 

Шеберлік сабағы кезінде білікті маманның жетекшілігімен аурухана базасында 2 науқастың тізі буынына тіліксіз ота жасалды. Мұндай операция жасау үшін травматологтар «Артроскоп» аппаратын қолданып, аяқтағы жарақатты хирургиялық жолмен емдеп берді.

 

 

Бұрын езіліп кеткен жілікшелерді жалғау үшін тізені тіліп, буындарды ашуға тура келетін. Енді науқастың денесінің екі-ақ жері тесіледі.

 

 

«Бұл әдістің науқастардың ертерек аяғынан тік тұрып кетуіне пайдасы көп және денеге тыртық түспейді», - дейді мамандар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.