Версия для печати

Ана, сен қымбатсың...

Среда, 10 Апрель 2019 05:00 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2908 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Анаға құрмет жылдың қай мезгілі болмасын жалғаса береді. Осыған орай Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана бөлімшесінде «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

55

Іс-шараға «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің №8 бөлімшесі мен №10 «Сайрам» колледжінің ұжымы да атсалысты.

Бөлімше маманы А.Адырбекқызы мен колледждің әлеуметтік психологы Х.Купганбаева аналар мен қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Іс-шараға қатысқан №8 бөлімшенің қызмет алушылары да өздерінің жыр-шумақтарын оқыды. Ал №10 колледж студенттері арнайы дайындап келген «Ана, сен қымбат жансың» концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекенің ең кішкентай қатысушысы, 2 сынып оқушысы Р.Боритаева би билеп, 5 сынып оқушысы Н.Курбанбаева скрипкада ойнады.

Ұйымдастырушылар мерекеге белсенді қатысқан аналар мен жеткіншектерге алғыс білдірді.

С.ТЛЕУКЕЕВА,
№20 кітапхана
бөлімшесінің қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.