23 сәуір мен 6 мамыр аралығында Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында «Медицина жақын» акциясы өтеді. Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағынаудандарға барып, медициналық қызмет көрсетеді.
Жоспар бойынша мамандар 23-30 сәуір аралығында қаланың шетіндегі шағынаудандарда невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандар тұрғындарды жолдамасыз қабылдап, медициналық тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Осындай қабылдаулар 24 сәуір күні Жаңаталап шағынауданында, 25 сәуір күні Қайнарбұлақ шағынауданында, 26 сәуір күні Тоғыс шағынауданында, 29 сәуір күні Пахтакор шағынауданында жалғасады. Қабылдау барлық аудандарда сағат 10.00-12.00 аралығында өтеді.