Еуропалық иммундау аптасы

Пятница, 26 Апрель 2019 11:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3908 раз

Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында Иммундау аптасы өткізіледі.

Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық  сақтау аумағында басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендеді.

Иммундау халық  сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шарасы болып табылады. Иммунизация жыл сайын әлемде 2-ден 3 миллионға дейінгі өлім жағдайын болдырмайды. Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.

2019 жылғы Еуропалық иммундау аптасы Еуропа елдерінде және Қазақстанда «Алдын алу. Қорғау. Иммундау!» тақырыбы бойыншасәуірдің 24 мен 30 аралығында өтуде. Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдеріндегі вакцинациялаудың пайдасы мен маңызы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлерін хабардар ету.

Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушы-лыққа әсерін тигізетін егілусіз қалып жатқан вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады.

Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың  барлық топтары-ның назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.

Жекелеген тұлғалардың, ең алдымен, ата-аналардың егу жөніндегі білімін көтеру өз балаларының егілуіне саналы түрде қарауын, олардың уақтылы егілуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда әр адам вакцинамен ақысыз егілуге қол жеткізе алады.

Бұрын есепке алынбаған, оның ішінде көшіп келген халық топтарын анықтау және олардың егуін ұйымдастыруда медицина қызметкерлерінің жұмысы орасан зор.

 

 

ҚР ДСМ ҚДСК Шымкент қ. қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Есенгараева З.Ш. – Шымкент қаласы ҚДСД инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.