12 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Среда, 15 Май 2019 04:25 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2542 раз

Шымкентте көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке 12 мың адам қол жеткізді.

ӘЛЕУМЕТТІК қамқорлық

Ал мамыр айының 15-іне дейін құжат тапсырған отбасылардың тағы 9 мыңға жуығы көмек алады. Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған бірқатар аналар өз кәсіптерін ашуды қолға алған.

Жалпы бұл бағдарлама бойынша сәуір айынан бастап 21 мың тұрғыннан өтініш қабылданған. 39 мыңнан астам халыққа әлеуметтік көмекті алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, қалада бүгінгі таңда көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асады. 3200 отбасының күнкөріс деңгейі төмен. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар саны 36 мыңға жуықтайды. Әлеуметтік көмек алатын азаматтарға қаланың 4 ауданынан құжат рәсімдейтін «Аналар орталығы» да ашылған болатын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.