СЕРОЗДЫ МЕНИНГИТТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Четверг, 15 Август 2019 18:57 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 440 раз

Серозды менингит - мидың жұмсақ қабығындағы жедел қабыну процесі. Оның себебі вирустар (шамамен 80% жағдайда), сондай-ақ бактериялар мен саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Вирусты серозды менингиттің қоздырғыштары көбінесе энтеровирустар, Эпштейн-Барр вирусы, герпес вирусы, цитомегаловирус, аденовирустар, тұмау вирустары, қызылша және т.б. Ауру әлдеқайда ересектерге қарағанда балаларды жиі зақымдайды.

Серозды менингитке қандай симптомдар тән?

Бұл ауру үшін "жіті басталу" тән: дене қызуы 400C дейін көтерілуі, күшті бас ауруы, ағзаның уыттану белгілері – бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, әлсіздік, жүрек айну, құсу. Бас тұрақты қатты ауырады, басын қимылдатқанда, жарық түскенде, өткір дыбыстармен немесе шуылмен естілгенде күшейеді. Серозды менингитке тән науқастың белгісі басын артқа тастап, аяқтарын бауырына жинап жатады («поза легавой собаки»).

Серозды менингит қалай жұғады?

Инфекция көзі ауру және вирус тасымалдаушылары болып табылады. Инкубациялық кезең екі күннен он күнге дейін. Жұқтыру жолы іс жүзінде кез-келген болуы мүмкін: ауа-тамшы, қарым-қатынас (заттар арқылы), су (су қоймалары, бассейндерге шомылғанда).

Серозды менингитке күдік туындаса не істеу керек?

Менингитке кез келген күдік болғанда шұғыл түрде "жедел жәрдем" шақыртып, науқасты ауруханаға жатқызу керек. Серозды менингиттің қоздырғышы жиі вирустар болғандықтан, бұл жағдайларда антибиотиктерді қолдану орынсыз. Алайда, кейбір жағдайларда олар диагнозды түпкілікті белгілегенге дейін тағайындалады. Одан әрі вирустық менингит вирусқа қарсы дәрілердің көмегімен емделеді.

Жұқтырудан аулақ болуға және қорғануға бола ма?

- Әрине, белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде серозды менингит жұқтыру ықтималдығын төмендетуге болады.
- Иммунитетті нығайту (денені шынықтыру, спортпен айналысу, жиі серуендеу).
- Серозды менингиттің өршуі кезінде жаппай іс-шараларға, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға, сондай-ақ ашық су айдындарында шомылуға болмайды.
- Әрқашан арнайы тазартылған немесе қайнаған суды ішу керек.
- Жеке гигиена ережелерін үнемі сақтау керек, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек. 
- Жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында әрқашан жуу керек, мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен жемістерді қайнаған сумен шаю қажет. 
- Энтеровирустық аурудың белгілері пайда болған адамдармен байланыс жасамау.
- Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды.

Серозды менингиттің алдын алу барысында Шымкент қаласы бойынша біршама іс – шаралар атқарылды:
Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында сынып сағаттары, 103 тақырыптық әңгімелесулер, медицина қызметкерлерімен кездесулер цикльдері арқылы 258 энтеровирустық инфекцияның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Қала бойынша орналасқан бассейн егелеріне энтеровирусты инфекция туралы ақпараттандыру, алдын алу іс – шараларын жүргізу туралы хаттар жазылды.
Қала көлемінде орналасқан көпшілік шоғырланатын мекемелерде (мешіттерде, халыққа қызмет көрсету орталығында, телекоммуникация, почта, банктерде) аурудың белгілері және алдын алу жөнінде әңгімелер айтылып, лекция оқылды. Өткізілген іс шаралар туралы 22 мәлімет фейсбук, инстаграм желісіне жарияланды. 
- Серозды менингиттердің симптоматикалық белгілеріне ерекше көңіл бөле отырып, энтеровирустық инфекциялардың және инфекцияның негізгі белгілерінің алдын алу жөніндегі 781 ақпаратты ата-аналар назарына жеткізу қамтамасыз етілді.
- Энтеровирусты және серозды менингитпен аурушаңдықтың алдын алу барысында қала бойынша медицина қызметкерлерінің арасында 38, басқа мекеме қызметкерлерінің арасында 44 семинарлық сабақ өткізілді. Барлығы 6326 парақша таратылып, 10 мақала баспаға жарияланды. Теледидардан 2, радиодан 6 сұхбат берілді. 86 видеороликтер жүргізілді. Мұғалімдер арасында 286, ата-аналармен 781 әңгімелесулер өткізілді.

 

Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы,

Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

 

Последнее изменение Четверг, 15 Август 2019 19:00
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.