Версия для печати

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы хабарлады

Четверг, 05 Сентябрь 2019 04:38 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5664 раз
Оцените материал
(0 голосов)

 WhatsApp Image 2019-09-05 at 10.34.09 1

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) қалахалқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабарлады.

Іс-шараға Департамент басшысы Әбдіманап Төлебаев, Департамент басшысының орынбасары Алмат Қосалиев қатысты.

Әбдіманап Төлебаев баяндамасының барысында Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын атап айтты.

«Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Шымкент қаласында 17 жұқпалы ауруға қарсы (табиғи ошақтың болмауына байланысты кене энцефалиті мен туляремия қарсы жүргізілмейді) вакциналау жүргізіледі.

Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сапалы вакциналар сатып алынады», – деді Департамент басшысы.

Шымкент қаласында жыл сайын туберкулезге қарсы 35500 астам жаңа туған нәресте және 16600 астам 6-7 жастағы балалар вакцинацияланады.

Өткен кезеңде республикада 700 мыңнан астам бала, оның ішінде біздің қаламызда 75793 бала егілді, осылардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Шымкент қаласы бойынша туберкулезбен ауру-сырқаулық соңғы 16 жыл ішінде 3,8 есе (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 143,8 бастап, 2018 жылғы 37,3 дейін),өлім-жітім 19,9 есеге (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 25,9 бастап, 2018 жылғы 1,3 дейін) төмендеді.

Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.

Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтата тұрылды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.

«Балалар жасы инфекциялық аурулар үшін ең осал болып саналады. Бұл жеткіліксіз жетілуіне және ағзаның жалпы төзімділігінің төмендеуіне байланысты. Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді», - деп атап өтті Забира Есенгараева.

         Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында Департамент басшысы қаладағы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналисттерді хабардар етті.

Забира Есенгараеваның айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Департамент тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, Шымкент қаласында 2675 қарым-қатынастағы адам егілді.

Қызылшамен сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. Шымкент қаласында 11705 бала егілді. Бұдан басқа, 3624 медицина қызметкері егілді, - деп хабарлады Забира Есенгараева.

Қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда Шымкентте 3,9 есеге (388 жағдайдан 98 жағдайға дейін) төмендеді.

Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жас аралығындағы жас ерекшелік тобының арасында тіркеледі. Осыған байланысты, 2019 жылғы қыркүйекте осы жастағы жастардың арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.

Профилактикалық егулерден бас тартқан жағдайда, ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинасы болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.

Шымкент қаласы ТКҚСҚБД

Баспасөз қызметі

Тел.: 8(7252) 30-03-04, +7 702-679-71-44

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.