Өз жүрегіңе қамқор бол!

Пятница, 27 Сентябрь 2019 05:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 286 раз

Артериялық гипертензия – себебі белгісіз тамырлардағы қан қысымының тұрақты көтерілуін көрсететін белгі. Дертке шалдығудың себебі ауруға тұқымқуалаушылық бейімділік, отбасы мен басқа ортадағы күйзеліс жағдай.

Дене белсенділігін (түрлі себептермен) төмендету сондай дәрежеде тәтті өнімдерді, шоколад пен шоколад кәмпиттерді, бал, тосапты тұтынуды, құрамында шамадан тыс белсенді заттары көп кейбір азық-түліктерді (сорпа, дірілдек, зельц), сергітетін сусындарды, табиғи кофе, какао, тәтті шай, конверванттары мен тұздары көп (конвервілер, қақталған шұжықтар мен ірімшіктер, балықтан жасалған тағамдар, уылдырық пен маринадталған көкөністерді) тұтынуды да сәйкесінше шеутеуді қажет етеді.

ДДҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін көтеру арқылы халықтың денсаулығын күшейту қажет. Ойындар, жарыстар, спортпен айналысуға сапарлар, сауықтыру шаралары және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады. Дене белсенділігі – дененің артық салмағы, артериялық гипертензиямен күресудің аса тиімді құралы.

Таңғы гимнастика жасау, жаяу жүру, велосипед тебу, коньки, шаңғы тебі қажет. Мұндай жүктемелер күніне 30-60 минутты құрауы қажет. Көру белсенділігін біртіндеп арттыру қағидасын сақтай отырып, телебағдарламаларды көруді күніне 30-40 минутқа дейін және компьютерге отыруды 1,5 сағатқа дейін шектеу қажет.

Артериялық қан қысымы жоғары болған жағдайдағы профилактикалық шаралар: біріншіден, үйлесімді күн тәртібін ақыл-ой мен физикалық жүктемені алмастыру, теледидарды көруді және компьютерде отыру уақытын шектеу, түнде, қажет болған жағдайда күндіз де жеткілікті ұйықтау арқылы ұйымдастыру.

         Үйлесімді тамақтанудың басты қағидалары – отбасында тамақтану әдеті кейбір «тұзы аз» тағамдарға бағытталуы қажет. Тұзсыз дайындалған тағамға ас тұзын қосуды күніне 5 г (толтырмай шай қасық) асырмай тұтыну. Балалардың көзінде ересектердің ішімдікті тұтыну, темекі шегуден бас тарту, пассивті шылым шегуді шектеу. Темекі шегуден бас тартқан кезде гипертензиялық әсер кез келген жастық топта бір жыл ішінде байқалады.                                                                                                  

Ең бастысы отбасыда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастыру, сондай-ақ дұрыс еңбек және дамылыс тәртібін, мектепте психологиялық жағдайды қалпына келтіру салауатты өмір салтын ұстануға икемеуді ұсынамыз.

                     Күләнда АЗАТҚЫЗЫ,
Шымкент қалалық салауатты
өмір салтын қалыптастыру
орталығының үйлестірушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.