Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Четверг, 03 Октябрь 2019 09:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 197 раз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығымен "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Бұйрық) бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұйрықта көрсетілген интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінен: Терапия, Хирургия, Акушерлік және гинекология мамандықтары алынып тасталынып, көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі мынадай мамандықтармен толықтырылды: Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы, Отбасылық медицина, Терапия, Дене медицинасы және оңалту, Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек, Клиникалық фармакология, Терапиялық стоматология, Хирургиялық стоматология, Ортопедиялық стоматология, Балалар стоматологиясы, Ортодонтия. Сонымен қатар, «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-108 бұйрығы негізінде Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы, Жалпы хирургия, Терапия мамандықтары бойынша Облыс орталықтарында, Астанада және Республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер, 2019 жылға дейін интернатураға түскен адамдар үшін резидентурадан өту қажет. Бұйрықтың толық нұсқасын adilet.kz сайтынан көруге болады.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

және цифрландыру бөлімінің басшысы

Г. Умбеталиева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.