Версия для печати

Темекі шегудің зияны және қоғамдық орындарда тыйым салу туралы

Четверг, 03 Октябрь 2019 10:07 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 970 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі заманда Қазақстанда қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынған, дегенмен қоғамда темекі тарту еркектердің, әйелдердің, сонымен қатар балалардың да күнделікті әдеттеріне айналып кеткен. Халықтың 22,4% темекі тартады, осы адамдардың айналасындағылар да ауадағы темекі түтінімен тыныс алып, пассивті шылым шегеді: қоғамдық тамақтану орындарда адамдардың 27,6%, көшелерде 29,1%, жабық үй-жайларда 26,5% жасөспірімдер пассивті шылым шегуге мәжбүр. Қоғамдық тамақтану орындарында тіпті «темекі шегуге» арналған орындардың орнына темекі шегу залдары пайда болған, тек 2% ресторандарда «темекі шегуге» арналған орындар қарастырылған.

     Темекі түтінінің құрамында өте улы 7000-нан астам химиялық қоспалар бар, олардың жүздегені – қатерлі ісіктерді туғызатын канцерогендер. Бұл зиянды әрекет бүкіл әлем жұртшылығының денсаулығына зор қауіп төндіруде және көптеген созылмалы аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Темекі тартушылардың 25-30%-ында жүректің ишемиялық ауруы пайда болып дамуы, өкпенің қатерлі ісігі 20-30%-ға артып, 50-100% балалар жедел респираторлы аурулардан зардап шегеді. Темекі тартушылардың жартысынан көбі темекіге байланысты аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болады. Жыл сайын әлемде 600 мыңдай адам көз жұмады, оның ішінде 64%-ы темекі тартпайтын әйелдер болса, 31%-ы балалар, демек темекі тартушылар өзінің ғана денсаулығына емес, қасындағы жақындарының да денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық.

     Темекі түтінінің қауіпсіз деңгейі жоқ, желдету жабдықтарымен жабдықталған жайлар да пассивті темекі түтінінің зиянынан адам ағзасын қорғамайды.

      Дені сау болу үшін тұрақты түрде дене белсенділігін арттырып, дұрыс тамақтанған абзал, сонымен қатар зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану және балаларыңызға да үйрету қажет.

       ТЕМЕКІНІ ТАСТАҢЫЗ! ДЕНІҢІЗ САУ, ӘДЕМІ БОЛЫҢЫЗ!

 

 

Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің бөлім басшысы

С.Махатова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.