Версия для печати

Таудағы тимбилдинг Избранное

Среда, 23 Октябрь 2019 04:43 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3335 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполистің журналистер қауымы мен әлеуметтік желі белсенділері ерекше семинар-тимбилдингте білімдерін шыңдады.

559

 

Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен тау баурайында «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» тақырыбындағы семинар өтті. Таудағы тимбилдингте қаламгерлер ақпаратты жылдам әрі сауатты тарату, журналистік этиканы сақтау жайында танымын кеңейтті. Қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған шараға 70-ке жуық БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.
Басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы ашқан семинардың бірінші бөлімінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиа және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай – ашық деректермен жергілікті оқиғаны баяндау жолдарын ойын түрінде түсіндірді. Топтық ойындар ұйымдастырылды.

Ал екінші бөлімде IT аналитик, медиа тренер, SMM эксперт Тимур Бектұр әлеуметтік желіні дамытудың стратегиясы мен акаунттан бренд жасау тәсілін үйретті. Сондай-ақ, белгілі журналист Қанат Жүнісбеков те тәжірибесімен бөлісті.

Жиын соңында Шымкент каласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысушыларға сертификат табыстап, шығармашылық табыс тіледі.