«5-20-25» бағдарламасы іске қосылады Избранное

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:45 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2762 раз

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады. Ондағы басты шарт – қазақстандықтардың табыс деңгейі болмақ. Жалпы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқан 2 жыл ішінде баспана құрылысына түрлі қаржы көздерінен 3,3 трлн теңге инвестиция салынған.

DSC 0304

Еліміз бойынша 2 жылда 300 мың отбасы үйлі болған. 33,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Осы бағдарламада алғаш рет көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға арнап жалдамалы үй салынды. Табысы төмен отбасыларына жеңілдетілген ипотека мен құрылыс компанияларына субсидия берілді.

Бұл бұрын болмаған жаңа механизмдер. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірлерге 59,3 млрд теңге аударылған. Оның 96%-і игерілген. Дегенмен, бағдарламаны іске асыра алмай отырған аймақтар бар.
– Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаражаттың игерілу көрсеткіші төмен. Сот процестері мен жобалау-сметалық жобалардың түзетулерге байланысты бірқатар облыстар бөлінген қаражатты жыл соңына дейін қайтаруды жоспарлауда. Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй бойынша жобаларды іске асыру кезінде Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімдері бөлінген қаражатты толық игермеді, - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетерлігі, «Бақытты отбасы» бағдарламасы жалғасады. Кезекте тұрған көпбалалы, толық емес отбасылары, мүгедек баласы барлар осы бағдарлама арқылы алады. Ал, «5-20-25» бағдарламасы бойынша әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер бола алады.

148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін «Баспана Хит», «Орда», «Свой дом» секілді нарықтық бағдарламаларға қатыса алады.

- Біз ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған жолдауында қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй саясаты аясында біріктіріп, 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар мемлекет басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бағдарлама жобасының негізгі мақсаты – үйдің қолжетімділігін арттыру. Әрбір қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін өз табысына қарай шешуге мүмкіндік берген. Бұл ретте қолдауға мұқтаж, әлеуметтік әлсіз топтарға басымдық беріледі, - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Еске салсақ, қазіргі таңда Шымкентте 40 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына арендалық үй алуға болады. Бағдарламаның жаңа жобасы жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.