Медиация тәртібі

Среда, 04 Декабрь 2019 10:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1004 раз

Қазіргі таңда қоғамда арасында дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.

Медиация дегеніміз бұл латын тілінен аударғанда medire-делдалдық ету дегендігі білдіреді, яғни тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып саналады.

Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және т.б. жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.

Ал, қазіргі таңда ҚР аумағында «Медиация туралы» 28.01.2011 жылдан бастап Заңы қолданысқа енгізілді және ол мына жағдайларда қолданылады- жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Бұдан бөлек, медиацияның қолданылмайтын жағдайларды кездесетіні сөзсіз. Оның ішін атап айтсақ, дауларда (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларда (дау-шарларға) және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

 

Мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік істер сотының

судьясы Н.Алиев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.