Онкология ересектердің ғана кеселі емес...

Среда, 18 Декабрь 2019 05:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3904 раз

Бүгінгі таңда, ата-аналар бала ағзасында байқалатын қатерлі ісік сияқты ауыр сырқаттанушылықтың жалпы белгілеріне назар аудара бермейді. Өйткені, қатерлі ісікпен тек ересектер ғана ауырады деген түсінік қалыптасып қалған.

Балалардағы қатерлі ісікті анықтауға «кіші белгілер синдромы» тән:

-      Әлсіздік, жақсы көретін ойынына көңіл аудармау;

-       Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы;

-      Салмақ жоғалту, арықтау;

-      Шамалы дене қызуының көтерілуі;

-     Себепсіз құсу, жүрек айну, диарея немесе іш қату;

-     Іштің немесе сүйектің ауыруы;

-     Терінің бозаруы;

-     Іштің ісінуі;

-     Жиі қанау (мұрын, көгерулер)

Бұл белгілер алғашқы ісік процесінің көріністері болуы мүмкін. Дегенмен, бұған назар аудармағанда ісіктің соңғы стадиясы анықталып жатады.

Ең үлкен қауіпке 4 жасқа дейінгі балалар жатады, осы кезде оларды онкологиядан сақтау қажет. Ата-аналар балаларда қатерлі ісіктің даму ықтималдығын және алғашқы сақтану белгілерін білуі қажет. Егер жоғары атап өткен белгілер балада байқалса, тез арада дәрігерге көрсету қажет.

Өз балаңыздың ағзасындағы аталған белгілерді жіберіп алмаңыз, оның соңы қайғыға әкелуі мүмкін.

Күләнда Азатқызы,
Шымкент қалалық салауатты
өмір салтын қалыптастыру 
орталығының үйлестірушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.