ҚАЛА басшысы ПЕРЗЕНТХАНАҒА БАРДЫ Избранное

Среда, 08 Апрель 2020 05:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 218 раз

98daa5e5-1851-47dc-a37c-b478ddf52896 1

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратты күрделі жөндеу қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді.
Қазіргі таңда қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті ем-дом жүруде. Жөндеу жұмыстары аяқталысымен жаңа бөлімге көшіріледі.
Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталып, заман талабына сай жаңғыртылуда.
Құрылыс барысында қала әкімі ғимарат маңында автотұрақ мәселесін шешуді тапсырды. Қажет болған жағдайда қос қабатты ашық автотұрақ салуға болатынын айтты.
– Жалпы қалалық перзентханада жыл сайын 9 мың нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 10 мың ананың босануына мүмкіндік жасалатын болады, - деді перзентхананың бас дәрігері Мәдина Кенжебаева.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.