Рухани биіктікке бет бұратын мүмкіндік бұл Избранное

Среда, 15 Апрель 2020 02:08 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2650 раз

vlcsnap-2018-02-22-10h02m30s156

Бүкіл әлем әбігер болып, дүние дүрлігіп жатыр. Құдай қаласа бұл дерттен де құтылармыз. Ол үшін әрине темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік, мұнтаздай тазалық керек.

Өркениетті әлем коронавирусқа қарсы күресіп жатыр ғой. Біздің көркем ниетті қазақ та күресіп жатыр. Мемлекет қамқорлығын жасап жатыр. Абай айтқан қанағат, рахым, талап, еңбек, терең ой керек. Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан аулақ болуымыз керек.
Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы жүріп жатыр бүкіл байтағымызда. «Абай жолын» бүкіл ел оқуы керек. Әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» деген Әнуар Әлімжановтың романын оқуымыз керек. «Үйден шықпа» деп жатырмыз ғой. Мінекей, сол үйде отырып, отбасы болып тіпті романдарға ықыласымыз болмаса, әулие жанр әңгіме бар, соны оқиық. Қазақ әңгімесі керемет биіктерге көтерілді. Шын ықылас қойған адам Шерханның, Әбіштің, Сайынның, Оралханның, Дулаттың бір әңгімесін 10-15 минутта оқып шығады. Бүкіл отбасы болып, солардың әңгімесін 10 минут оқып, 15 минут талқылап отырсақ, оның өзі өнеге, үлгі.
Бүкіл ұрпақ көркем әдебиетке бетбұрыс жасауы керек. Кітап оқымаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт екені айқын. Сондықтан мына жағдайды пайдаланып, Абайды, әл-Фарабиді, классиканы, ақын-жазушыларды, көркем әдебиетті оқуға шынайы бетбұрыс жасайық. Сонда ғана біз дерттерді, жамандықтарды жоямыз. Алла тағала сол жеңуге, жақсылыққа жазсын!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.