ЖАНҒА ЖЫЛУ сыйлаған Избранное

Вторник, 05 Май 2020 23:16 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3654 раз

95331795 2519037091742575 3481931644724576256 o

Төтенше жағдай кезінде қаламызда көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жалғасуда. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы»  «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында тұрғындарға көмек беруді қолға алған болатын.

Кезекті қайырымдылық акцияға «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты демеушілік жасады. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімін нақтылады. Осыған сәйкес, ұйымдастырушылар күнделікті тұрмыста жиі тұтынатын: ұн, қант, май, макарон, қарақұмық, шай, печенье және өзге тәттілерден 100 азық-түлік себетін әзірледі.
Акция аясында ерікті жастардан жасақталған белсенділер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, азық-түлік себеттерін отбасыларға таратты.
Айта кетейік, ұйымдастырушылар жыл басынан бері «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында 500-ден аса отбасыға көмек берілгенін атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « САҚТЫҚ ПЕН САБЫР ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАҚТААРАЛДА »