Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Құтқарушылар ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізіп, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су алған ауылдарды аралап шығуда.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.
200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында су басқан үйлерден олар құжаттарын алып, құнды заттарын көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді.
Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласы
ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар
тобы