Версия для печати

КӘСІПКЕР 550 ОТБАСЫҒА «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫН» ТАРАТТЫ Избранное

Вторник, 05 Май 2020 23:18 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3527 раз
Оцените материал
(0 голосов)

96076187 283397609486401 525919651633299456 n

«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты.

Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруді жөн санаған.
Жомарт жүректі азамат Шымкенттегі «Жыланбұзған», «Абдул Абад», «Қызылжар», «Турды абат», «Маятас», «Тоғыс», «Бадам-1», «Бадам-2», «Жұлдыз», «Жалын», «Қаратөбе», «Қайнарбұлақ» тұрғын алаптарындағы аз қамтылған отбасыларға «ауызашар қоржынын» үлестірді. Әр отбасыға таратылған «ауызашар қоржынында» 1 қап ұн, 5 литр өсімдік майы, 5 келі қант, 5 келі макарон, шай сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері бар. Сонымен қатар бетперделер де таратылды.
Ізгі шара «Жыланбұзған» тұрғын алабының тұрғындарына азық-түліктерді таратудан басталды. Қарапайым халыққа азық-түліктерді кәсіпкердің өзі мен бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен кикбостан әлем чемпионы Нүркен Төлегеновтер үлестірді.
Қасиетті айда қайырым жасауды азаматтық міндеті санап, 550 отбасының алғысын алған Байкен Әшірбаев жерлестеріне жәрдем беруді алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.