АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ Избранное

Среда, 13 Май 2020 03:12 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3305 раз

yzshhshg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын тұлғалардың тізімі нақтыланды.

Атап айтқанда ардагерлердің санаты кеңейтіліп, бұл санатқа ҰОС ардагерлері (ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектері), басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстанда, Тәжік-ауған шекарасында, Чехословакияда, Таулы Қарабахтағы жанжалдарды реттеуге, Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан тұлғалар) жатады.
Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер санатына ҰОС қатысушыларына теңестірілген азаматтардың 8 санаты және ҰОС мүгедектеріне теңестірілген азаматтардың 5 санаты кіреді.
Еңбек ардагерлеріне Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі «Даңқ», үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғалар, 1942-1945 жылдар аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, әскери қызмет өткерген және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтар жатады.
Жаңа Заң ардагерлерге арналған жеңілдіктерді жүйелеп, реттейді. Социалистік Еңбек Ерлері, оның ішінде ҰОС қатысушыларын ескере отырып, үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлеріне тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері «Қазақстанның Еңбек Ері» алатын жәрдемақы мөлшерімен теңестірілді. Яғни, жәрдемақы 138,63 АЕК-ке (2020 жылы 385 114 теңге) дейін артты.
Сонымен қатар, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардабын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК-ке (13 334 теңге) дейін өсті.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері ретінде танылатын жаңадан қосылған әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (13 334 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Президент, сондай-ақ, Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, ардагерлер бірқатар салық пен міндетті төлемдерден босатылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.