Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық пандуспен шектелмейді... Избранное

Среда, 24 Июнь 2020 05:07 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3898 раз

invalid 500

Қазіргі таңда Үкімет тарапынан 2019-2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытына арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Бұл жоспарда арнайы қажеттіліктері бар адамдар үшін тұрғылықты жерінен бастап, қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған.

Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өздерін қоғамға қажетті екенін сездіріп, етене араласуға қол жеткізуіне біздің тарапымыздан қолдау көрсету қажет.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүктелген міндеттердің бірі - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңнамасында көзделген мүмкіндігі шектеулі азаматтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша тексеру және бақылау жүргізу болып табылады.
Зерделеу барысында анықталғаны, жүргізілген бейімдеу жұмыстары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды орнатуымен шектелгенін көрсетті. Олардың өзі стандарттарға сай келмейді.
Одан бөлек, пандус өлшемдері, кіріс есіктерінің ені мен табалдырық биіктіктері стандарттарға сай жасалмаған. Ғимараттардың 1-ші қабаттарында мүгедектерді қабылдайтын бейімделген арнайы бөлмелермен және бейімделген әжетханалармен қамтамасыз ету жұмыстары толыққанды жүргізілмеген, арнайы автотұрақ орындары қарастырылмаған.
Айтып кететін жағдай, әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерінде жоғарыда аталған кемшіліктер – өрескел бұзушылықтарға жататындығы көрсетілген.
Департамент қызметкерлерімен 2019 жылды 126 тексеру жүргізілді. Оның ішінде, жоспардан тыс тексеру - 100, профилактикалық тексеру түрі - 26. Тексеру нәтижелерімен 103 мекемеге нұсқама беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабының 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес 79 мекемеге жалпы соммасы 12801,65 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, Шымкент қаласының прокуратура органдары тарапынан берілген ұсынымдарын қарау нәтижесінде 4 мекемеге жалпы соммасы 252,4 мың теңге айыппұл салынып, оның барлығы жергілікті бюджетке аударылды.
Ал, жылдың басынан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланғанға дейін (2,5 ай ішінде) департамент тарапынан жалпы 9 тексеру жүргізілді. Оның 8-і арыз-шағым, 1-уі профилактикалық бақылау негізінде тағайындалған. Тексеру нәтижесімен жалпы 463,9 мың теңге айыппұл салынып, кемшіліктерді жою туралы 8 нұсқама берілген.
Бүгінгі таңда Департаментке мүмкіндігі шектеулі азаматтардан қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде.
Мәселен, жеке азаматтардың 14 арыз-шағым негізінде жалпы 51 нысанға шағым түсірілген. Оның 18-не жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерді жою туралы нұсқамалары берілген. Ал, 16 нысан микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Оған қоса, ағымдағы жылдың II жартыжылдығында мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында 13 субъектіге (объектіге) профилактикалық бақылау жүргізілу жұмыстары жоспарлануда.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен қорғалған және осы Заңның шеңберінде мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, ғимараттар мен үй-жайларға кіріп-шығуына қамтамасыз ету айқын көрсетілген.
Ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстары «Ғимараттар мен ғимараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 Қазақстан Республикасының Ережелер жинағы мен Қазақстан Республикасының ҚР ҚН 3.02-03-2012 «Мемлекеттік әлеуметтік пәтер үйі» құрылыс нормасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Қазіргі таңда, қаламызда көптеген көпқабатты үйлер мен ғимараттар салынуда. Осы жаңадан бой көтерген қөпқабатты нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіріп-шығуына толық мүмкіндік жасау үшін мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуына көңіл бөлулеріңізді сұранар едік.
Мәселен үй-жайлар мен олардың элементтері туралы арнайы тармағында және «Мемлекеттік әлеуметтік пәтер үйі» құрылыс нормасында көрсетілгендей, атап айтқанда:
- пандусы бар кіре беріс алаңынын көлемі;
- мүгедектер үшін қолжетімді кіреберіс есіктерінің енінің өлшемі;
- ғимаратқа кіретін сыртқы есік табалдырығының деңгейінің биіктігі;
- тағы да басқа осы бағыттағы құрылыс нормалары бойынша талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Тағы бір ескерте кететін жайт, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ортаны қалыптастырмау мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу болып табылады. Және де ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің әкімшілік жаза қолданылу қарастырылған;
- лауазымды адамдарға – елу (138 900 теңге),
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма (333 360 теңге),
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз (555 600 теңге),
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз (1 111 200 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):
- лауазымды адамдарға – сексен (222 240 теңге),
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу (416 700 теңге),
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу (694 500 теңге),
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз айлық (1 666 800 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау және оларға кедергісіз орта жасауда бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз.

 

Меруерт БЕКМҰРАТОВА,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
бақылау бөлімінің
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.