Қоғамдық бақылау - ашықтық кепілі

Пятница, 17 Июль 2020 06:52 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2766 раз

WhatsApp Image 2020-07-17 at 12.46.04

Мемлекетіміздің әрбір азаматы - ұлттық құндылық, әрбір жас өрен - еліміздің ертеңі екенін ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау, даму мүмкіндігін және оның қоғамға әлеуметтенуіне толыққанды жағдай туғызу біздің міндетіміз.
№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту, ойлау және физикалық дамуының кемшіліктерін рабилитациялау, бейімдеу, түзету жұмыстарына басымдық беріледі. .
Орталыққа психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұктаж 3-18 жас аралығындағы балалар қабылданады.
Балаларға жеке қажеттіліктеріне қарай, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрі бойынша медициналык, әлеуметтік жағдай жасалады. Атап айтсақ, мекеменің қызмет көрсетуге арналған әрбір бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, мұнда сынып бөлмелері, жатын, ойын бөлмелері, ем-шара бөлмелері, қолөнер және еңбек дағдыларын қалыптастыруға арналған шеберханалар, спорт залы, асхана, жуынатын бөлмелер, монша және т.б. бар. Әрбір тәрбиеленуші нормаға сәйкес, тамақпен, қажетті киім, аяқ киім, төсек, ыңғайлы жиһаз түрлерімен, керек- жарақтармен қамтылған.

Мемлекет қамқорлығындағы балаларға биылғы жылдың маусымынан бастап қызмет алушылардың құқықтарын сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізу үшін қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына қамқорлықтағы адамдардың ата-аналары мен аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қаламыздың белсенді журналистер бар.

– Мұндай қоғамдық бақылау кеңесін құруды комиссия мүшелері жақсы бастама мен үлкен тәжірибе деп санайды, бұл мекеме жұмысын тек ата-аналарға ашықтық ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамға ашық екенін көрсетеді», -деді Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Марат Абдуллаев.

Орталықтағы тәрбиеленуші балалардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын әр айда қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу үшін қажеттіліктерін айқындап, қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалуда.
Атап айтқанда орталықтағы балаларға 2020 жылдың 1-ші жарты жылдығына қарастырылған ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде жаратылған қаражаты 11498329 теңгені құраған. Орталықтың 150 қызмет алушы балаларға қосымша тамақ бойынша, төмендегі заттар сатып алынған: балалар сабыны, тіс пастасы, тіс щеткасы, сүрке арналған бөтелке, соска, ылғалды салфетка, массаж майы, иіс су, банан, дәрумендерімен байытылған сүт қышқылды өнім «Актимель», толық теңестірілген «Малоежка», маш, кептірілген итмұрын, үрме бұршақ және тағы басқа.
Қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелері ұсынып отырған қосымша тамақ және ең қажетті заттардың сұраныстын дұрыс таңдағанын айтты.
Айта кететіні, қоғамдық бақылау комиссиясы мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығымен және өздерінің мүддесін қорғаумен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес, сонымен қатар жетім балаларды және ата- анасының камқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаушылыққа алу мәселелері жөнінде кұжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуді қоса алғанда заңгерлік кеңес береді екен.
Шымкент қаласындағы 18 жастан асқан жастарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы орын жетіспеушілік мәселесін жоюда, олардың таныс ортада, ересек өмірге ыңғайлы бейімделуіне, қызмет алуға мүмкіндігі бар балалардың әлеуметтену және қоғамға одан әрі әлеуметтік интеграциясы сабақтастығын сақтауда №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан психоневрологиялық аурулары бар (18 жастан 29 жас аралығындағы) жастарға арналған шағын стационарлық бөлімше ашу жөнінде ұсыныс айтылды.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.