Версия для печати

АНА СҮТІН ЕМІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Пятница, 18 Сентябрь 2020 09:03 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5919 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ана сүті – емізулі сәбидің дене бітімі мен ой-сананың толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсерін тигізетін, теңдесі жоқ қорек болып табылады.

Бала ағзасына пайдасы:

Ана сүтінің құрамында сәбидің қалыпты өсіп-дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық заттектер: нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су (80%), ферменттер болады. Ана сүтін емген балалардың денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады. Ана сүті – асқазан-ішек аурулары мен іш өткізуді шақыратын патогендік бактериялардың ішекте дамуына жол бермейтін заттектерге бай. Ең маңыздысы – ол бала ағзасын жұқпалардан қорғайды, аллергия, диабет және дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.

Баланың миының дамуына қажетті алмастырылмайтын май қышқылдары да осы табиғи сүтте кездеседі.

Ана денсаулығына пайдасы:

–Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мен анемияның даму қауіпін азайтады;
*Сымбатын қалпына келтіруге көмектеседі;
– Жаңа жүктілікті болдыртпайды;
– Сүт және аналық бездерінің обырынан қорғайды;
– Емізу кезінде анада өзінің сәбиін үйлесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды;
– Уақыт, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатар күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкін береді.
Отбасы үшін артықшылығы
– Емізулі анаға арналған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен;
– Үнемдеген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады;
– Емізуге және сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ;
– Медициналық кеңестер, дәрі-дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шығындар азаяды.
Эмоционалдық байланыс:
Ана мен бала арасында өзара сүйіспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды
Ана сәбиін емізгенде толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады. Сәбидің мазасыздығы азайып, салмағы арта бастайды.
Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы
1. а) «Ана сүтінің алмастырушыларын тарату бойынша Халықаралық ережелерді» және Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясымен қабылданған барлық резолюцияларды толық орындау қажет. б) Жаңа туған нәрестелерді тамақтандыру саясаты: ана сүтімен емізу бойынша жазбаша бекітілген саясаттың болуы және оны жүйелі түрде ұйымның барлық қызметкерлеріне хабардар ету. с) Жүйенің мәліметтерін басқару және мониторингілеу: жүйенің мәліметтерін тұрақты түрде басқару және мониторингілеу.
2.Қызметкерлердің құзіреті: ана сүтімен емізуді қолдау бойынша медициналық персоналдың білім мен дағдыны жеткілікті игергеніне көз жеткізу.
3.Антенатальды ақпарат: жүкті әйелдермен және олардың отбасы мүшелерімен ана сүтімен емізудің маңызы мен әдістері туралы талқылау.
4.Тікелей постнатальды күтім: аналарға терімен тері жанасуын тез арада және ұзақ жүргізуге ықпал ету және босанғаннан кейін ана сүтімен емізуді барынша ертерек бастау үшін аналарға қолдау көрсету.
5. Ана сүтімен емізуді қолдау: барлық аналарды ана сүтімен емізуге және лактацияны басқару әдістеріне ынталандыру.
6. Қосымша тамақтандыру: ана сүтін еметін жаңа туған нәрестелерге медициналық көрсетімдерден бөлек жағдайларда басқа тағамды немесе сұйықтықты бермеу. 7. Бірге болуы: ана мен баланың күндіз де,түнде де бір палатада бірге болуын тәжірибелеу. 8. Сұранысына қарай емізу: баланың омырауды емуге дайындағанын танып-білу және оған әрекет жасау
үшін аналарға қолдау көрсету.
9. Бөтелкенің емізу, емізіктер,бос емізіктер: ааналарға бөтелкемен емізу,емізік, босемізіктер: аналарға бөтелкемен емізу, емізік бос емізіктерді қолдану және олардың қауіп-қатері бойынша кеңес кеңес беру.
10. Ауруханадан шығарылғаннан кейінгі күтім: ата-аналарды дер кезінде тұрақты қолдау мен күтімге қатысты көмекті қайдан алуға болатыны туралы хабардар ету.

 

М.АНАРКУЛОВА,
Э. ОМАРОВА,
Қалалық №3 емхананың
дәрігерлері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.