Қариясы бар елдің қазынасы бар Избранное

Пятница, 02 Октябрь 2020 03:36 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2818 раз

2555

Ия, «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деп бекер айтылған ба? Саналы ғұмырын қоғам мен елдің дамуына арнап, өскелең ұрпаққа өміршең үлгі қалдырып келе жатқан қазыналы қариялар біздің қаламызда да аз емес.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өмірі өнеге осындай ақсақалдың бірі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Рысбай Наштайұлын қарттар күні мерекесімен құттықтады. Кездесуде қала ардагерлерінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы өзге де ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларға мерекелік тілегін білдірді. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.
Қоғам қайраткері Нұрмаханбет Әжіметұлын мерейлі мерекемен құттықтай келген қала басшысы аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты.
Нұрмаханбет Әжіметұлы 1927 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Партия, кеңес қызметкері, қоғам қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Алғабас, Келес аудандарының Құрметті азаматы. Жұбайы Рабигүл Нұрекенова – Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері. Ұл-қыздары жоғары білімді мамандар.
Мұрат Әйтенов тыл ардагері Нина Лычагинаның да отбасында болып, жылы лебізін білдірді. Шаһар басшысы әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізді.
Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туған. Оқуды бітірген соң 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал, 1974-1986 жылдары облыстық меминспекцияда ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті. Қария сол жылдардағы ерен еңбегінің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Бүгінде немересінің отбасында тұрады.
Айта кетейік, бұл күні Шымкент қаласының мәслихат хатшысы мен қала әкімінің орынбасарлары және аудан әкімдері 70-тен астам ардагердің отбасына барып, ыстық лебіздерін білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.