ОНКОЛОГТАР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 03:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2181 раз

Шымкентте сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында онкологтар Ашық есік күнін өткізді. Қалалық онкология орталығының мамандары таңғы сағат 8:00-ден бастап азаматшаларды қабылдады. Маммолог-дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.

704

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 63 әйел маммологтың қабылдауында болып, 17 науқас ультра дыбыстық зерттеуден өткен. Сондай-ақ 3 науқастан цитологиялық тексеру үшін биопсия алынған.
Жалпы іс-шараның қорытындысында 3 науқаста қатерлі ісікке күдік және 11 науқастан қатерсіз ісік анықталды. Медицина мамандарының айтуынша, науқастарда диагностикаланған ісіктер ерте сатысында анықталғандықтан емдеуі оң нәтиже береді.
Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы – ерте диагностикалау. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді, дейді мамандар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.