Версия для печати

Екі жерде жұмыс істейтіндерге жарна қалай аударылады? Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 03:58 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2239 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Тұрмыс» бетіне оқырмандардан келіп түскен сұрақтарды топтастыра отырып, тиісті сала мамандарына жолдау міндетіміз. Сол сұрақтардың бір тобына Шымкент қалалық «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ филиалы салымшыға барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләззат ДҮЙСЕНОВА жауап береді.

707

 

708

Сұрақ:
Зиба ЗАЙЫРОВА:

–Менің фармкомпанияда дайын дәрілік заттарды өндіру цехында жұмыс істеп жүргеніме бірнеше апта ғана болды. Жұмыс берушім мен үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға тиісті ме? Егер аударатын болса, ол оны өз есебінен жасай ма, әлде менің жалақымнан шегере ме?

Жауап:

–Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына қаржы аудару ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысы негізінде жүзеге асады. Қаулыда айтылғандай еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер арнайы тізімде көрсетілген кәсіптерге енген болуы керек. Ондай кәсіп тізімін мына сілтемеден ашып көруіңізге болады http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300001562.
Осы тізімге сәйкес, Сіз жұмыс уақытыңыздың кемінде 80% аталған өндірістердің:
- барлық атаулардағы аппаратшы;
- біліктеуші;
- шпредингші
сияқты технологиялық үрдісінде жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіздің есеп шотыңызға кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға міндетті.
Жұмыс беруші МКЗЖ салымшысы болып табылады. Ол өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Сұрақ:
Асан ҚУАТ:

–Мен еңбек шарты бойынша екі ұйымда күзетші болып жұмыс істеймін. Осы орайда білейін дегенім, жұмыс беруші болып табылатын екі компания да менің БЖЗҚ-дағы шотыма міндетті зейнетақы жарналарын аударуға тиісті ме?

Жауап:

–«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (Заң) 24-бабына сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) зейнетақы төлеу жөніндегі агенттер болып табылатын жұмыс берушілер Заңда белгіленген мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс. Яғни, жеке тұлғамен еңбек шартын жасасқан екі ұйым да БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.

Сұрақ:
Марат ЖОЛДЫБАЙ:

–Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

 

–Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда мұрагері анықталғанға дейін Қорда мерзімсіз уақыт бойына сақталады.
Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиеті арқылы жүзеге асырылады. Өсиет болмаған немесе бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған, азаматтық заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда зейнетақы жинағы заң бойынша мұрагерлікке берілуі тиіс.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа заңға сәйкес, мұраға құқық беретін куәлік құжат сұрап өтініш береді. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.