«Төлем» алсаңыз, автобустың төрінде отырасыз Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:01 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3350 раз

Қазанның 15-інен бастап Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы электронды төлем жүйесіне ауысты. Осыған орай «Төлем» карталары сатылымға шықты. Осы айдың соңына дейін «Төлем» картасынсыз автобустарда жол жүру құны 70 теңге күйінде сақталады. Ал сосын «Төлемі» жоқ жолаушылар 100 теңге төлейтін болады. Сонымен...

706

 

• Карталар 500 теңгеден сатылуда.

• «Төлем» картасымен алғаш рет жол жүру тегін.

• Картаға қалауыңызша ақша салып қоюға болады.

• Қарашадан бастап «Төлем» картасына «OpenShymkent» және Kaspi.kz қосымшасы арқылы ақша сала аласыз.

• «Төлем» каратсын кез келген ХҚКО-нан, немесе автобус аялдамалары маңындағы дүкендерден алуға болады. («Мега» СО, Ескі шаһар аумағындағы мешіттің қасында, «Асар» шағынауданы, 197)

• «Төлем» картасының төрт түрі бар:
– Стандартты,
– студенттік,
– мектеп оқушыларына арналған,
– тегін жол жүруге рұқсат етілген азаматтарға арналған карталар. Оған ҰОС ардагерлері, «Ерен еңбегі үшін» медальімен наградталған тыл ардагерлері, Батыр аналар мен І топ мүгедектері жатады.

• Тегін жүруге құқылы азаматтарға карта ХҚКО арқылы таратылады.

Анықтама алу үшін

«Шымкент қаласының Ситуацялық Ikomek109 орталығының» телефон нөмірі: 109.
WhatsApp мессенджері арқылы +7 7777 109 109
Instagram желісінде @ikomek109.shymkent Facebook желісінде Ikomek Shymkent парақшасы